Тағы бір компания Ресей нарығынан кетті

207

Неміс компаниясы өзінің ресейлік бизнесін сату бойынша мәмілені аяқтады. 

Тағы бір компания Ресей нарығынан кетті Фото: kapital.kz

Hugo Boss неміс сән үйі ресейлік нарықтан кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

"Біз ресейлік еншілес кәсіпорнымыздың елдегі Hugo Boss компаниясының көптен бергі көтерме серіктестерінің біріне тиесілі – "Стокманн"АҚ-ға сатылғанын растаймыз", - делінген неміс компаниясының хабарламасында.

Мәміле сомасы жария етілген жоқ. Reuters мәліметінше, Ресей билігі батыс компанияларынан Ресей Федерациясында өз бизнесін сатқан жағдайда кем дегенде 50% жеңілдік талап етеді. Жоғарыда айтылған мәміле 2 тамызда жабылды. Стокманн компаниясы құны 40 млн рубль тұратын "Хьюго Босс Рус" ЖШҚ-ны 100% иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу