Тағы бір лауазымды тұлға ұсталды

645

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Антикорға" сілтеме жасап.

Тағы бір лауазымды тұлға ұсталды

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды", – деп жазылған хабарламада.
 
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу