Тағы бір өңір "қызыл аймаққа" өтті

915

Елімізде "қызыл аймаққа" енген өңірлер саны 10-ға жетті.

Тағы бір өңір "қызыл аймаққа" өтті

Ақтөбе облысы "қызыл аймаққа" өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус 2 909 адамнан анықталған. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 448 000-ге жетті.

Өткен тәулікте 1 781  адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 408 063 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

9 шілдедегі мәлімет бойынша 36 723 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 11 534 пациент стационарда, 25 189 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 735 адамның жағдайы ауыр, 169 пациенттің жағдайы өте ауыр, 93 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

"Сары аймақта": Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан  облыстары;

"Жасыл аймақта": Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 4 134 139 адам, II компонентін 2 336 019 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу