"Тағы бір Салтанат": Алматыда бұрынғы әйелін ұрған ер адамның ісі сотқа жіберілді

305

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Тағы бір Салтанат": Алматыда бұрынғы әйелін ұрған ер адамның ісі сотқа жіберілді Фото: видеодан алынған кадр

Видеоны жариялаған Жанна Ахметова ер адамның үстінен жазылған арыз сәуір айының басынан бері Алмалы ауданының полиция басқармасында жатқанын, сараптаманың әлі дайын емес екенін жазған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бұған дейін күйеуі бұрынға әйелінің телефонын сындырып, өзін ұрып кеткенін жазған едік.

"Оңбаған Таразға кетіп қалды. Естуімше, ол сол жақта белгілі заңгер ма, адвокат па, сондай бірдеңе. Мүмкін біреулеріңіз оны таныған шығарсыздар, мұқият қараңыздаршы. Не себепті ол әлі ұсталмаған? Кезекті әйел өлімін күтіп отырмыз ба", - деді Жанна Ахметова.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Жауапқа тарту үшін жиналған материалдар сотқа жолданды", - деп жазды қалалық полиция депатаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу