Алматыда әйелін соққыға жыққан Александр Ким есімді азамат сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін ұсталды.
"Бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ұсталды. Ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл арқалады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу