Тағы бір шенеунік парамен ұсталды. Бұл жолы тұтылған Инвестиция және даму министрлігіне қарасты, Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің Бас директоры Болат Халық. Шенеунік 70 мың доллар көлемінде пара алып жатқанда ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюросының мәліметінше, күдікті мердігер ұйымдардан құжаттарды рәсімдеуді жеделдетіп бергені үшін тұрақты түрде ақша алып отырған. Сондай-ақ Болат Халыққа кәсіпорынның қыруар қаржысын жымқырды деген күдік келтірілуде. Бұл істе оған Атыраудағы бөлімшенің жетекшісі мен бас бухгалтері сыбайластық жасаған көрінеді. Тергеу барысында шенеуніктің қызмет орнындағы сейфтен 300 мың доллар мен 6 млн теңге тәркіленген. Күдікке ілінген үшеу қазір е уақытша қамау изоляторына жабылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.