Тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар жүре бастайды

1183

Қосымша бағыттар бойынша теміржол қатынасы 10 маусымнан бастап қалыпқа келтіріледі. 

Тағы бірнеше бағыт бойынша пойыздар жүре бастайды

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 13 мамырдағы шешіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі Көлік комитетінің келісімі бойынша 10 маусымнан бастап тағы бірнеше бағыт бойынша жолаушылар пойыздары жүре бастайды. 

Атап айтсақ, №19/20 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Атырау" пойызы "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол" вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Атыраудан 2020 жылдың 12 маусымында жөнелтіледі.

Сонымен қатар №29/30 "Алматы-2 – Атырау" пойызы "Алматы-2" вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал  Атыраудан 2020 жылдың 12 маусымында жөнелтіледі.

Бұдан бөлек, №47/48 "Атырау-Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол" пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан 2020 жылдың 13 маусымында; 
№95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал" пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Оралдан 2020 жылдың 11 маусымында; №313/314 "Атырау - Маңғыстау" пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Манғыстаудан 2020 жылдың 11 маусымында; №691/692 "Ақтөбе – Атырау" пойызы Ақтөбе вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Атыраудан 2020 жылдың 11 маусымында; №41/42 "Атырау – Алматы-1" пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Алматы – 1-ден 2020 жылдың 13 маусымында жүреді.

Қайта жүре бастаған пойыздардың келу\жөнелтілу уақыты туралы толық ақпаратты "105" анықтама телефоны бойынша  білуге болады. 

Еске сала кетсек, елімізде теміржол қатынасы 5 сәуірде тоқтаған болатын. Ал 1 маусымнан бастап жолушылар пойыздары қайта жүре бастады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу