Аомори префектуралық әуежайына Жапонияның өзін-өзі қорғау әуе күштерінің F-35A бесінші буынының екі жойғышы шұғыл қонды, деп жазады Inbusiness.kz cайты Kyodo агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ақпаратқа сәйкес, мәжбүрлі қону ұшақтағы электроникаға байланысты болды. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.
Апатты жағдайға байланысты әуе айлағының ұшу-қону жолағы жабылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін 29 мамырда АҚШ Әскери-әуе күштерінің F-35 истребителі Альбукеркедегі халықаралық Санпорт аэродромының жанында апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу