Инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған "MMK Investment" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланған.
""MMK Investment" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді",- деп жазылған хабарламада.
Агенттік бұндай компаниялардың қаржы пирамидасы екенін білу үшін қандай белгілерге назар аудару керектігін түсіндірген: "Мұндай компаниялардың негізөкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша % төлеуге уәде береді. Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай "цифрлық түрде" көрсетіледі. Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар".