Бразилиядағы Cessna Aircraft бизнес-джет ұшағы Убатуба қаласындағы Гастон-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағының шегінен шығып кеткен. Ұшақ қалалық жағажайға дейін жетіп, жергілікті скейт-парктің жанында жарылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бортта 5 адам болған. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тапты. Ал қалған жолаушыларды жергілікті тұрғындар құтқарып үлгерді.
Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, куәгерлер оларды ұшақ бөліктерінің астынан шығарып алды.
Апат салдарынан жараланғандардың арасында жағажайда демалушылар да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу