Тағы да вандализм! Қазақстандық Батумидегі сирек кездесетін ағашқа атын жазып кеткен

460

Отандасымыз бамбук діңіне “Асланбек+Гүлайым” деп жазған. 

Тағы да вандализм! Қазақстандық Батумидегі сирек кездесетін ағашқа атын жазып кеткен Фото: видео скриншот

Атырау тұрғыны Грузия астанасындағы әйгілі ботаникалық бақта серуендеп жүріп, сирек кездесетін бамбукті бүлдіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанық турист бамбуктің діңіне есімінің бас әріптерін қашап жазған. Отандасымыздың бұл әрекеті айналасындағы адамдар мен Ботаникалық бақтың әкімшілігінің наразылығын тудырды. 

“Мен оны тоқтатуға тырыстым, бірақ ол еш қысылмастан әрекетін ары қарай жалғастыра берді”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ботаникалық бақтың әкімшілігі қазақстандық туристің әрекетінен кейін көңілі қалғанын жеткізді. Олар Батумидегі бақтың туристер арасында танымал орын ғана емес, онда сирек кездесетін өсімдіктер сақталатын алаң екенін атап өтті. 

Отандасымыз бамбук діңіне “Асланбек+Гүлайым” деп жазған.

100 гектардан астам аумақты алып жатқан Батумидегі ботаникалық бақ –  көптеген ерекше өсімдіктер түрлері сақталған әлемдегі ең үлкен саябақтардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу