Тағы екі адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіленді

890

Ұсталғандардың жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.    

Тағы екі адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіленді

Алматыда полицейлер арнайы іс-шара кезінде екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.

Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, әскерилендірілген киімдер, ұялы телефондар мен киетін заттар табылып, тәркіленді.

Күдіктілер қару-жарақ тонағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарымен қаладан кетуді жоспарлағандарын айтты. Ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу