Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп әлеуметтік желі арқылы шұғыл ақпарат таратты.
"Дәл қазір белгілі болғандай Алматы қаласында тағы бір коронавирус жұқтырған азамат анықталды. Ол 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіппен айналысады. Бұл кісі бізге, Алматы қаласына Мәскеуден ұшақ арқылы келген. Қазіргі таңда стационарда ем қабылдап жатыр бұл азамат. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында да тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Анығын қазір біз қарастырып жатырмыз. Бұл әйел адам бізге Варшава-Астана ұшағы арқылы ұшып келген болатын. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны алтауғы жетті. Оның төртеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында", – деді Диас Ахметшәріп.