Тағы екі өңір "қызыл" аймаққа кірсе, бір облыс керісінше қауіпсіз аймаққа ауысты

984

Ел бойынша қауіпті аймақта үш мегаполис пен сегіз облыс тұр. 

Тағы екі өңір "қызыл" аймаққа кірсе, бір облыс керісінше қауіпсіз аймаққа ауысты

2021 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қауіпті аймақта үш мегаполис пен сегіз облыс тұр.

"Сары" аймақта төрт, "жасыл" аймақта  үш облыс орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, "қызыл" аймаққа Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары кірді.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары орналасқан.

 "Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу