"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалғаны – "жасыл" аймақта.
Соңғы бір тәулікте індет тағы мың жарымға жуық адамнан анықталды. Елордадағы жағдай да мәз емес. Плюс 204 жағдай тіркелген. Ал үштікті 177 адамы дертке шалдыққан Алматы облысы түйіндейді.
Соңғы тәулікте вирус тек Маңғыстау облысында анықталмаған.
Науқастар саны бойынша Алматы қаласы көш бастады. Мұнда бір күнде 545 адамнан қауіпті індет анықталған. Яғни, бір күн бұрынғы статистикадан бұл 130 адамға көп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу