"Тағы полицейлер ме?": Қонаевта 2 полицей жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

1738

Бұл туралы "Не Молчи.kz" қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді.

"Тағы полицейлер ме?": Қонаевта 2 полицей жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, Қонаев қаласында екі белсенді полиция қызметкері қызметтік бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олардың бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимараттың күзетшісі, қазір екеуі де қамауға алынып, жұмыстан шығарылғанын білеміз. Бүкіл ішкі істер басқармасы біледі, бірақ билік үндемеуді бұйырды", дейді қоғам белсендісі.

Дина Таңсарі Бас прокуратурадан істі жеке бақылауға алуды сұрайды.

"Біз бұл жағдайды білгендіктен, бұл туралы үнсіз қала алмаймыз, әйтпесе қылмысты жасырғаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырыламыз", деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу