Тағы үш банк бірігуі мүмкін

748

Мамыр айының соңына қарай Capital Bank Kazakhstan мен AsiaCredit-тің Tengri Bank-ке қосылу жайы қаралатын болады. 

Тағы үш банк бірігуі мүмкін

Елімізде тағы үш банк бірігуі мүмкін. Мамыр айының соңына қарай Capital Bank Kazakhstan мен AsiaCredit-тің Tengri Bank-ке қосылу жайы қаралатын болады. Жиында құнды қағаздардың коэффициенті, тәртібі мен сатып алу мерзімін бекіту жоспарланған.

Айта кетейік, Tengri Bank-тің ең ірі акционері – үндістандық Punjab National Bank. AsiaCredit Bank-тың 99,9 пайызына қазақстандық кәсіпкер Нұрбол Сұлтан иелік етіп отыр. Ал Capital Bank Kazakhstan-ды бизнесмен Ориджан Шадиев басқаруда.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес активтердің көлемі бойынша 28 банктің ішінен Tengri Bank 20-шы орында тұр. Азия кредит пен Capital Bank тізімнің 22-ші және 23-ші сатысында екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу