Тағы үш боксшымыз "Ұлттар кубогінің" финалында бақ сынайды

973

Арайлым Марат, Дина Жолдаман, Владислава Кухта финалға шықты.

Тағы үш боксшымыз "Ұлттар кубогінің" финалында бақ сынайды

Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан "Ұлттар кубогі" халықаралық турнирінде тағы үш қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды, деп жазады Olympic.kz. 

Жартылай финал кездесулерінің нәтижесі бойынша, 48 келідегі Арайлым Марат финалға өтті. Ол ресейлік қарсыласын жеңген. Сондай-ақ, 54 келідегі он дүркін ел чемпионы Дина Жолдаман да ресейлік спортшыдан басым түсіп, финалда жұдырықтасу мүмкіндігін алды. Ал еліміздің жаңа чемпионы Владислава Кухта финал жолдамасы үшін таласта чехиялық қарсыласын ұтты. 

Айта кетелік, бұған дейін тағы үш спортшымыз "Ұлттар кубогінің" финалдық сынына өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу