Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтады, әзірге өрттің шығу себебі белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракунның айтуынша, 27 адам мерт болып, тағы бірнеше жараланған адам ауруханаға жеткізілген. Ол көптеген мәйіт дәретханадан табылғанын нақтылады.
Сонымен қатар Reuters агенттігі билік өкілдеріне сілтеме жасап, өрт салдарынан 63 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Чанвиракунның сөзінше, барда өнер көрсеткен музыкант сахна жанындағы ажыратқыштан түтін шыққанын көргенін айтқан. Осыдан кейін тарсылдаған дыбыс шығып, ғимарат ішін түтін басқан және мекемеде электр жарығы сөнген.
