Таиланд астанасында 7 рет жарылыс болды

721

АСЕАН елдері министрлерінің кездесуі өтіп жатқан Бангкок қаласында бірнеше жарылыс болды. Жарылғыш заттар шаһардың орталық аудандарында іске қосылған. 

Таиланд астанасында 7 рет жарылыс болды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бомбалардың бірі Indra Regent Hotel мейманханасының бірінші қабатында жарылған. Екінші бомбаны қаскөйлер құрғақ жапырақтарға жасырып, оның жарылуынан 2 адам жарақат алды. 

Тағы бір жарылғыш зат елшілік маңындағы метро станциясында іске қосылды. Енді бірі Таиландтың қарулы күштері штабы ғимаратының алдында жарылды. Жарылыстардың барлығы да АСЕАН елдері министрлерінің кездесуі өтіп жатқан Прату Нам ауданына жақын жерде болған. 

Тағы екі жарылғыш затты қала шетіндегі үкіметтік ғимараттардың аймағына қойған. Жарақат алғандар жоқ. 

Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Ел премьер-министрі Прают Чан-Оча қаскөйлерді дереу қолға түсіруге уәде берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу