Таиланд пен Камбоджа шекарасында әскери қақтығыс қайта шиеленісті. 25 шілде күні таңертең шекара маңынан артиллериялық атқылау дыбыстары естілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Камбоджамен шекарадағы атыс кезінде 14 тай азаматы қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алған.
Осыған байланысты Камбоджа Біріккен Ұлттар Ұйымының отырысын шұғыл түрде өткізуді талап етті.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде шекаралық аймақта мина жарылып, бірнеше тай сарбазы жарақат алған болатын. Камбоджа Таиландтың бұл оқиғаға қатысты айыптауын жоққа шығарды.
Сондай-ақ бейсенбі күні болған атыс кезінде 9 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 14 адамның жараланғаны туралы да хабарланды.