Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін қысқартады

307

Жаңа тәртіп 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.  

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін қысқартады Фото: ЖИ

Таиланд Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, бірқатар ел азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті шешім 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Осыдан кейін Қазақстан азаматтарына екі ел үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылады.

Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Таиландта елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл ретте әрбір 180 күн ішінде елде болудың жиынтық мерзімі 90 күннен аспауға тиіс.

Таиландқа сапар жоспарлаған азаматтарға көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады. Егер елде 30 күннен ұзақ болу қажет болса, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу