Таиланд Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт салмақ

866

Кәсіпорын өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды. 

Таиланд Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт салмақ Фото: Fishnews

Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.

Бұл кәсіпорын Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші болып табылады және өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу