Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. Мұны Таиланд туризм басқармасы мәлімдеді.
Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу