Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

883

Қазіргі кезде визаның төлемі 2 000 бат немесе 22 000 мың теңге.

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

Таиланд үкіметі 21 елдің азаматтары үшін виза төлемін жоюды жоспарлап отыр, ол елдердің қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bangkok Post-қа сілтеме жасап. 

2018 жылғы қараша-желтоқсанда Таиландқа бару үшін виза талап етілетін 21 мемлекеттің туристері виза төлемінен босатылады. Таиланд билігі азая бастаған туристер ағынын қайта жандандыру үшін осындай шара қолданбақ.  

Үкімет және осы бастаманы көтеріп отырған премьер-министрдің орынбасары Сомкид Джатуприпитак туристердің қайта ағылып келетініне үміт артып отыр. Олардың жоспарлауынша, жылдық көрсеткіш 40 миллион адамға жетуі тиіс. Олардың пікірінше, виза төлемінің жойылуының арқасында, басқасын былай қойғанда, тек Қытайдың өзінен жылына 12 миллион адам Таиландқа саяхаттайды.

Қазіргі кезде визаның төлемі 2 000 бат немесе 22 000 мың теңге.

Ал Таиландтың жекеменшік туристік операторлары алдағы алты айда ел қауіпсіздігіне күмән туындау салдарынан Қытайдан келетін туристер ағыны 1 миллион адамға азаюы мүмкін.

Қытайдан келетін туристер ағынының күрт қысқаруы Таиланд экономикасына айтарлықтай әсерін тигізеді. Айта кетейік, туризм Таиланд жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу