Делегация құрамында Таиланд Корольдігінің депутаттары ҚазақстанныңТаиланд Корольдігіндегі елшісінің кеңесшісі Ерлан Тіленшиев, Bai Mai Phli мектебінің бас директоры Муаммер Ташши болды.
Шетелдік қонақтар Сулейман Демирель атындағы университеттің жұмыс барысымен, білім бағдарламаларымен танысты, әрі ғимаратты аралады.
"Біз мұнда екі мақсатпен келдік. Біріншіден, білім саласы арқылы екі мемлекет арасында алтын көпір болуды, қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз. Студенттермен, оқытушылармен алмасу бойынша бағдарламаларымыз бар. Екіншіден, бұл университетпен серіктестік орнатып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Қос ел арасында байланыс орнатып, білім саласында тәжірибе алмасуға ниеттіміз", – деді Муаммер Ташши.
СДУ ректоры Давронжон Гаипов жоғары оқу орны ынтымақтастық орнатуға, ортақ жобалар бастауға әрдайым ашық екенін атап өтті.