Таиланд оппозициясы жаңадан партия құрды

240

Таратылған оппозициялық партияның саясаткерлері жаңа партия құрды. 

Таиланд оппозициясы жаңадан партия құрды Фото: РБК

Сәрсенбі күні Таиландта Конституциялық соттың шешімімен таратылған партияның саясаткерлері Бангкокта "Пхак Прачачон" – халық партиясын құрды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңадан құрылған халық партияяның жетекшісі болып депутат Наттапхонг Рыангпанньявут, бас хатшы болып депутат Сарают Чайлак сайланды. 

Партияның атқару комитеті 5 адамнан тұрады. Таратылған партияның бірде-бір басшысы жаңа атқару комитетіне енген жоқ, себебі олар сот шешімімен 10 жыл мерзімге саясатпен айналысу құқығынан айырылды.

"Біз болашақта өзгеріс енгізу үшін жұмыс істейтін партия боламыз деп сенеміз", - деді партияның жаңадан сайланған бас хатшысы Чайлак.

Жаңа бірлестік келесі сайлауда орын алу үшін жұмыс істейтін болады.

Осыған дейін таратылған "Алға жылжу партиясы" прогрессивті жастар партиясы болып саналды. Ол жастар мен орта тап арасында танымалдыққа ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу