Таиландтың Пхукет аралында асқан жылдамдықпен жүретін катердің апатқа ұшырау салдарынан 30 шақты шетелдік турист зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Phuketinfocenter-ге сілтеме жасап.
Туристер сәрсенбі күні түстен кейін көрші аралдардан Пхукетке қайтып келе жатқан. Жағаға жақындағандакатер теңізде ескерту мұнарасы ретінде орнатылған бетонды конструкцияға соқтығысқан.
Апат салдарынан алты адам ауыр жарақат алған, ал 13 адам - орта деңгейде жарақат алған. 18 адам - жеңіл жарақат алған. Қазақстанның бір азаматы және жергілікті тұрғын жарақаттан аман қалған.
"Барлық зардап шеккендер Пхукеттің ең мықты ауруханасына жеткізілді. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, апатқа катер капитанының салғырттығы себеп болуы мүмкін", - дейді полицейлер.
Сәрсенбіде кешкі уақытта Пхукет провинциясының әкімшілік науқастарға барды. Сондай-ақ әкімшілік өкілдері апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың елінің елшілерімен хабарласқан.