Таиландқа барушылар саны азайған

766

Соңғы 12 айда Таиланд валютасы қымбаттап дамушы нарықтағы ең күшті валюталар қатарына енді.

 Таиландқа барушылар саны азайған

Ресми дерекке сүйенсек, Таиландқа саяхаттап келушілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 3,03 миллионнан 2,9 миллионға азайған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Ел валютасы баттың күшеюі туризмнің іркілуіне түрткі болып отыр. Туризм министрі орталық банк пен қаржы министрімен бірлесе түйткілді шешу үшін тиісті шара қолданатынын айтты. 

Соңғы 12 айда Таиланд валютасы қымбаттап дамушы нарықтағы ең күшті валюталар қатарына енді. Дегенмен бұл серпіліс және әлем саудасындағы шиеленістер ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. 

Туризм министрінің айтуынша, бат күшейгендіктен туристер өз валюталарынан аз ақша жұмсайтын болған. 

Айта кететін жайт, елдің ЖІӨ-нің 20 пайызы туризм саласынының үлесіне тиесілі. Ресми дерекке сүйенсек, биыл Таиландқа саяхаттап келушілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 3,03 миллионнан 2,9 миллионға азайған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу