Таиландтың Пхукет қаласына демалуға барған 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады.
Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу