Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болды. Бұл туралы Корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елдегі термометр бағанасы сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түскен жоқ. Өткен аптада Лампанг қаласында ауа температурасы 44 градусқа жеткен, деп жазды 24KZ.
Синоптиктердің болжамынша, елдің орталық және солтүстік облыстарында жоғары температура осы аптаның соңына дейін сақталады. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі.
Ыстықтан ең көп зардап шегетіндер – далада жұмыс істейтіндер мен баспанасыз адамдар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу