Таиландтың оңтүстігінде бірнеше сағатта 18 жарылыс болды. Сонымен қатар қарулы шабуылдар ұйымдастырылған. Салдарынан 2 тәртіп сақшысы жараланды.
Қастандық әрекеттердің барлығы полиция бөлімшесі, әскери бөлімдер мен күш құрылымдарының өкілдері тұратын үйлердің жанында жасалған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаскөйлер мотоциклмен жүріп, жарылғыш заттар лақтырған. Ал екі қаскүнем өздері қолдан жасаған бомба мерзімінен бұрын іске қосылып кетіп, оқиға орнында опат болды.
Қазір бұл шабуылдарға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу