Таиландта демалушы Қазақстан азаматтарына нөсерге байланысты дүрлігуге бой алдырмай, сабырлық сақтауға шақырды

1144

Таиландта демалушы Қазақстан азаматтарына нөсерге байланысты дүрлігуге бой алдырмай, сабырлық сақтауға шақырды

Таиландтың Самуи аралында демалып жатқан еліміздің туристері көп емес, олардың барлығы туроператорлармен байланысып отыр, деп мәлім етті Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.

"Индустрия департаменті Самуи аралында жүрген Қазақстанның туристеріне  дүрлігуге бой алдырмай, сақтық шараларын сақтауға шақырды. Олардан аса қажет болмаса тұрған жерлерінен ұзамауды, жергілікті биліктің бұйрығын орындауды сұрайды", – деп жазды М.Иғали жексенбі күні Facebook-тегі  парақшасында.
Оның айтуынша, Самуидегі нөсер жауынға байланысты аралдағы басты жолды су басып, жергілікті халықаралық әуежайда бірқатар рейстер кідіртілді. Дегенмен аралда ауа райы жақын күндері жақсарады деген болжам бар.

"Таиландқа турлар сататын туроператорларды аталған елдегі метеорологиялық жағдайды қадағалап отыруға шақырамыз және  ауа райының  бұзылуы ықимал екенін  және осыған байланысты қауіп туралы туристерге жедел түрде хабарлап отыруға шақырамыз", – деп атап өтті М.Иғали.
Туризм индустриясы департаменті  жағдайды бақылап отыр және  Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен ұдайы байланыста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу