Таиландта экс-депутат жергілікті шенеунікке оқ атты

127

Ер адам ұсталды. 

Таиландта экс-депутат жергілікті шенеунікке оқ атты Фото: Kyodo/Reuters

Таиландта Бангкок маңындағы провинцияның әкімдігі ғимаратында ер адам жергілікті шенеунікке оқ атты. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Полицияның мәліметінше, күдікті – парламенттің бұрынғы депутаты Чалонг Ривранг. Ол Бангкокпен шектесетін Нонтхабури провинциясының әкімшілік ұйымының төрағасына оқ атқан. Оқиғаға қарызға алынған ақшамен байланысты келіспеушілік себеп болуы мүмкін екені айтылды. 

Ер адам ұсталып, оның қаруы тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті шенеуніктің жүргізушісіне де оқ атқан. 

Жарақат алған шенеунік ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Reuters агенттігіне аурухана басшылығы хабарлаған.

Өткен аптада Нонтхабури провинциясында 14 жастағы жасөспірім мектепте оқ жаудырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу