Таиландта кеме апатынан 45 адам қаза болды

641

Таиландта кеме апатынан 45 адам қаза болды

Таиландтың Пхукет аралында болған кеме апатынан 45 адам көз жұмды, деп хабарлайды Синьхуаға сілтемемен ҚазАқпарат.

Пхукет провинциясының губернаторы Норапхат Плоттхонг балықшылардың көмегінің арқасында Пхукет аралының жағасында туристік кеменің апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан үш адамның мәйіті табылғанын жеткізді. Қазіргі уақытқа 45 адамның өлімі расталды, із-түссіз жоғалып кеткен екі адамның қайда екені белгісіз.

Губернатордың айтуынша, адам мәйіттерінің табылған жері мен белгілері бойынша олардың батып кеткен "Феникс" кемесінің жолаушылары екені расталды.

Еске салайық, 5 шілде күні Пхукет аралында "Феникс" және "Серената" кемелері дауылға кез болған. Салдарынан қисайып кетіп, суға батып кеткен. "Фениксте" барлығы 101 адам болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу