Тайландта қос кеме апатқа ұшырады

817

Тайландта қос кеме апатқа ұшырады

Тайландтың Пхукет аралының маңында саяхатшылар мінген 2 кеме аударылды, деп хабарлайды 24.kz.

Апат кезінде 90-нан астам адам құтқарылды. 7 адам із-түссіз жоғалып, іздестіріліп жатыр. Апат аралдың оңтүстігі мен оңтүстік-батысына қарай жерде жергілікті уақытпен кешкі сағат 6-лар шамасында орын алған.

Оқиға кезінде кеменің бірінде 97, ал екіншісінде 39 саяхатшы болған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың басым бөлігі Қытай мен Еуропа елдерінің азаматтары.

Әзірге кемелердің апатқа ұшырауына не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиға болған ауданда іздестіру-құқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған елдің әскери-теңіз күштері де жұмылдырылған. Бірақ жоғалғандарды іздестіруге ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу