Таиландта пандемияға байланысты жаппай наразылықтар басталды

654

Індет басталғалы 12 мыңнан астам адам қаза тапты. 

Таиландта пандемияға байланысты жаппай наразылықтар басталды

Таиландта індетке қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты жаппай наразылықтар қайтадан басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Мыңдаған тұрғын көшеге шығып, билік пандемиямен күрес жүргізу барысында тиімсіз шаралар қабылдады деп айыптады. Олар елдің премьер-министрі Прают Чан-Очаны отставкаға кетуін талап етіп отыр. "Адамдар бұл үкіметтің біліксіз екенін бұрыннан біледі. COVID-19 соны дәлелдей түскендей", – деді акцияға қатысушылардың бірі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Таиландта пандемия басталғаннан бері аурудың асқынуынан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды. Эпидемиологиялық жағдай ел экономикасына қатты әсер етуде. Билік инфекцияның таралуымен күрес жүргізу үшін ресурстарға зәру болып отыр. Оның үстіне вакцинация қарқыны да баяу. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу