Таиландта парламент таратылды

82

Сайлау ақпан айында өтуі мүмкін. 

Таиландта парламент таратылды Фото: tez-tour.travel

Таиландтың Орталық сайлау комиссиясы елдегі парламентті тарату туралы шешімнен кейін жалпыұлттық сайлауды ақпанда өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбі күні елдің премьер-министрі Анутхин Чанвиракун парламентті тарату туралы шешім қабылдап, Таиланд короліне тиісті жарлықтың жобасын бекітуге жіберді. Жұма күні құжат ресми түрде жарияланды.

"Меніңше, дүйсенбі немесе сейсенбіге қарай жағдай белгілі болады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау кестесін әзірледі, біз дауыс беруді өткізуге дайынбыз", – деді ОСК төрағасы Наронг Кланварин.

Заңға сәйкес, сайлау корольдің ұсынған кандидатурасы бекітілгеннен кейін 45-60 күн ішінде өткізілуі тиіс. Осы кезеңде премьер-министр үкіметті уақытша басқарады. Алайда оның өкілеті шектеулі болады. Оның жаңа бюджетті бекітуге құқығы болмайды.

Белгілі болғандай, сайлау 8 ақпанда өтуі мүмкін. Сайлау комиссиясы Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы жағдайды жіті бақылап отыр. Арадағы қақтығыс саяси науқанға кедергі келтірмеуі тиіс екені айтылды.

7 желтоқсан күні Таиланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды. Тараптар бір-бірін айыптап отыр. Осы жылдың басында екі ел АҚШ-тың арағайындығымен бітімге келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу