Таиландта теңізге құлаған ұшақ 5 адамның өмірін жалмады

Әуе кемесі Корольдік Тай полициясына тиесілі болып шықты. 

Таиландта теңізге құлаған ұшақ 5 адамның өмірін жалмады Фото: 191 Emergency Centre via Wassayos Ngamkham

Бастапқыда ұшақтағы адамдардың бәрі қаза тапқаны хабарланған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кейіннен бір қызметкердің аман қалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілгені анықталды. 

Әуе апаты бүгін таңертең Хуахин әуежайының маңында болған. Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Ұшақтың Сиам шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлағаны белгілі болды. 

Ұшақ парашютпен секіру жаттығуларына дайындығын пысықтап жатқан. Ұшақтың нақты моделі ресми түрде жарияланбағанымен, оқиға орнындағы фотосуреттерден бұл DHC-6 Twin Otter ұшағы болуы мүмкін екені айтылды. 

Әуе кемесінің бортында үш ұшқыш, екі механик және әуе инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, қазір оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Апаттың себебі әлі анықталмады, ұшақтың қара жәшігіндегі деректер де зерттеліп жатыр. Бұл оқиға Таиландтағы авиациялық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық туғызып отыр.

Қазіргі уақытта тергеу органдары апаттың нақты себептерін анықтау үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу