Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың бәрі қаза тапты

111

Бортта Гонконгтан келген бес турист және төрт экипаж мүшесі болған. 

Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың бәрі қаза тапты Фото: vietnam.vn

Таиландта туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы жолаушылардың бәрі қаза болды, деп хабарлдайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдік басылым мәліметінше, шағын ұшақ Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайынан көтерілгеннен кейін 11 минуттан соң құлаған. Бортта Гонконгтан келген бес турист және төрт экипаж мүшесі болған.

Ұшақ Чачоенг-Сао провинциясындағы лайлы суға құлаған. Құтқару тобы оқиға болған күні кешке ұшақтың сынықтарын тапты. Олар кейін батпақты аймақтан мәйіт қалдықтарын тапқанын хабарлады.

Әзірге апаттың себебі хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу