Таиландта туристерге мұражай мен саябаққа кіру құны қымбаттады

434

Жергілікті халық үшін 2008 жылы бекітілген баға әлі де өзгермеген.

Таиландта туристерге мұражай мен саябаққа кіру құны қымбаттады Фото: Thaiger

Таиланд королдігінің министрлер кабинеті шетелдіктер үшін елдің саябақтары мен мұражайларына кіру құнын қымбаттатты. Алайда мұның себебін еш түсіндірген жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жергілікті халық үшін 2008 жылы бекітілген баға әлі де өзгермеген.

Баға өзгерісі келесідей: (1 бат шамамен 13 теңге)

тарихи орындар: жергілкті халыққа - 20 бат, шетелдіктерге - 120-200 бат (баға 100 батқа өскен);
археологиялық кешендер: жергілікті халыққа - 10-20 бат, шетелден келгендерге - 80-120 бат (50-100 батқа қымбаттаған);

кіші мұражайлар: жергіліктілерге - 10 бат, шетелдік демалушыларға - 80 бат (50 бат);
орташа мұражайлар: жергілікті демалушыларға - 10-20 бат, сырт мемлекеттен келушілерге - 120

бат (бұрынғы бағамен айырмашылық 50-100 бат);
ірі мұражайлар: жергілікті халық үшін - 20-30 бат, шетелдіктерге - 200 бат (қымбатағанға дейін 100-150 бат).

Алайда шетелдік демалушылар үшін бірқатар демалыс орындарындағы аудиогид үшін төлем алынып тасталды. Нақты айтқанда бұл Сурин және Накхоннайок провинциясындағы ұлттық мұражайлар, Сдоккактхом мен Ват Куди Дао ғибадатханаларында және басқа да нысандарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу