Таиландта туристің чемоданынан 17 жастағы қыздың денесі табылды

374

​Күдікті ер адам ұсталды.

Таиландта туристің чемоданынан 17 жастағы қыздың денесі табылды Фото: ngnovoros.ru

Таиландта 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен Аустралия азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап.

Бангкок полициясы 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен 46 жастағы Аустралия азаматын ұстады. Бұл туралы The Guardian басылымы жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады. 26 маусым күні Паттайяда 17 жастағы қыздың мәйіті чемоданның ішінен табылған.

Күдікті Jetstar әуе компаниясының Перт қаласына ұшатын рейсіне мінердің алдында жауап алуға жеткізіліп, кейін бірден ұсталды. БАҚ-тың жазуынша, Бангкок әуежайының қауіпсіздік қызметіне ер адамның елден кетуіне жол бермеу туралы тапсырма берілген.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің мәйіті салынған чемоданды 26 маусым күні таңертең тапқан. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сүйенсек, марқұм қыз бір күн бұрын күдіктімен бірге ғимаратқа кірген. Біраз уақыттан кейін ер адам қолына чемодан ұстап, ғимараттан жалғыз шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу