Үңгірдегі балалардың төртеуі жер бетіне шығарылды

794

Үңгірдегі балалардың төртеуі жер бетіне шығарылды

Таиландтың солтүстігінде су басқан үңгірде екі апта бойы қалып қойған жасөспірімдердің төртеуі жердің бетіне шығарылды. Бұл туралы құтқару операциясының басшысы Наронгсак Осоттханакон мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құтқарылған төрт жасөспірімнің жағдайы жақсы. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда операция тоқтап тұр. Оның келесі кезеңі бүгін таңертең басталады.

"Біз құтқару операциясын дайын болған кезде жалғастырамыз. Бізге барлық баллондарды оттегімен толтырып, бардық жүйені тексеру қажет", - деді Осоттханакон баспасөз мәслихатында.

Операцияға 90 сүңгуір, соның ішінде 40 Таиланд азаматы қатысып жатыр.

Еске сала кетсек, 23 маусым күні Таиландтағы ұлттық парк қызметкерлері үңгірге кіре берісте мотоцикл мен велосипедтерді, спорттық жабдықтарды тауып алған. Олар жергілікті футбол командасына хабарласып, ол жақтан табылған заттардың шынында да 11-16 жас аралығындағы 12 мектеп оқушысына және 25 жастағы бапкерге тиесілі екенін растаған. Олар адасып кеткен үңгірдің іші 10 шақырымдық жолдарға бөлінген. Бірнеше шығатын және кіретін бөліктері бар. Таиланд билігі үңгірде хабарсыз кеткен балаларды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу