Таиландта жасөспірім көпшілікке оқ атты

466

Ел астанасы Бангкоктағы сауда орталығының бірінде атыс болды.

Таиландта жасөспірім көпшілікке оқ атты Фото: reuters.com

Таиландта жасөспірім көпшілікке оқ атты. Салдарынан, 3 адам қаза тапты. Тағы төрт тұрғын әр түрлі жарақатпен ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді.

Ал, полицияның хабарлауынша, көпшілікке оқ атқан – 14 жастағы жасөспірім. Ол қазір тұтқындалды. Ел Премьер-министрі Сретта Тависин оққа ұшқан марқұмдардың отбасына қайғырып, көңіл айтты.

"Мен туриспін. Израильден қыдырып келгем. Сауда орталығында адамдар тез жүгіріп, қаша бастағанда, не болғанын алғашында түсінбей қалдым. Сөйтіп тұрғанда  оқ атылған дыбыс естілді. Жанымызды шүберекке түйіп, шамамен 40 минуттай тығылып отырдық. Қатты қорықтық", - дейді куәгер Шир Яхав.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу