Таиландта жоғалып кеткен отандық рэпер, Кисло-Сладкий лақап атымен танымал Дархан Жұмабек табылды. Тиісті ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Отандық режиссер Парасат Ибраев Instagram парақшасындағы жазбасында Дархан Жұмабектің табылғанын айтты.
"Сүйінші хабар! Дархан аман-есен табылды. Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз. Өкінішке қарай, осындай сәтте бізді даттап, жамандап, түрлі жорамал жасап, негізсіз жала жапқандар да болды. Біреудің басына іс түскенде хайп қуып, өтірік ақпарат тарату оңай. Ең бастысы – Дарханның аман-есен табылғаны. Қазір алып-қашпа әңгімеден гөрі, жақсы сөз айтып, қуанышқа ортақтасатын уақыт", – делінген жазбада.
Белгілі болғандай, қазақстандық рэпер қазір госпитальде жатыр. Оның денсаулығына қатысты ақпарат жарияланбады.
Айта кету керек, күні кеше СІМ Таиландта қазақстандық рэпердің жоғалуына қатысты жағдайға пікір білдіргенін жазғанбыз.