Таиландтағы Паттайя курорттық қаласының жағажайларында коменданттық сағат енгізілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Bangkok Post газетіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жағажайларда таңертеңге дейін жалғасатын шулы кештер өтіп, қоқыс тау болып үйіліп жатады. Жергілікті тұрғындардың осыған қатысты шағымдары жиілеген.
“Бүгінгі таңда бұл жағажайлардың ашылу және жабылу сағаттарын енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл мәселені шешу жолы болуы мүмкін”, - деді Паттайя мэрінің орынбасары Вуттисак Ремкичакан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу