Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен ел азаматтары бар ма? – СІМ жауап берді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне айтып берді. 

Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен ел азаматтары бар ма? – СІМ жауап берді Фото: Милош Муратовский

Оның сөзінше, жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастардан ешқандай өтініш түспеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ, – деді ол.

Осыған дейін Мьянма мен Таиландта жойқын жер сілкінісі https://inbusiness.kz/kz/last/myanma-men-tailandta-zher-silkinisi-boldy тіркелгенін, сондай-ақ Алматыдан 323 шақырым жерде болған жер сілкінісінің де ел аумағына әсері туралы жазған едік. Одан бөлек, Жамбыл облысында жер дүмпуінің тағы да қайталанғанын хабарладық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу