Таиландтан Алматыға келген жолаушылардан есірткі табылды

221

Екі жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 

Таиландтан Алматыға келген жолаушылардан есірткі табылды Фото: inbusiness.kz

Халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Пхукет – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігі туралы белгі берді. Тексеру барысында олардан гашиш, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Ұсталғандар өз әрекеттерінің заңсыз екендігін біле тұра, Таиландта демалыс кезінде есірткі сатып алып, жеке тұтыну үшін сөмкелерінде сақтаған.

Бұл деректер бойынша көлік полицейлері өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс және айналыстан алып қойылған заттардың контрабандасы үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімдеріне сәйкес Көкшетау қаласының тұрғынына 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, Алматы қаламының тұрғынына 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу