Таиландтан экзотикалық жануарларды ұрлап кетпекші болған Үндістан азаматтары ұсталды

431

Жануарлар Мумбайға ұшып кетпекші болған күдіктілердің жүк багажынан табылған. 

Таиландтан экзотикалық жануарларды ұрлап кетпекші болған Үндістан азаматтары ұсталды Фото: BBC

Таиландтан экзотикалық жануарларды ұрлап кетпекші болған Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап. 

Бангкок халықаралық әуежайында алты үндістандық елден қызыл панда мен басқа да ондаған жануарларды контрабандалық жолмен алып кетпек болғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Тай кеденінің өкілдері.

Шенеуніктердің айтуынша, 87 жануар Суварнабхуми әуежайында анықталған. Олардың ішінде жыландар, попугаялар және кесірткелер болған.

Болжам бойынша, жануарлар Мумбайға ұшып кетпекші болған күдіктілердің жүк багажынан табылған.

Үндістандықтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Таиландтың бай табиғаты сирек кездесетін кездесетін жануарлардың мекен. Сондық бүгінгі күні контрабандашылардың ірі транзиттік хабына айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу