Тайланд королі Махи Вачиралонгкорнның туған күні құрметіне орай Тай елінде әскери-теңіз офицерлері мен оқушылар 1066 тасбақаны бостандыққа жіберді. Бұл шара монархтың ұзақ жасауына, оған сәттілік серік болуына әсер етеді деген сенім бар, деп хабарлайды abctv.kz.
Салтанатты шара Чонбуру провинциясындағы Саттапи әскери-теңіз базасында өтті. Маха Вачиралонгкорнның 65 жасқа толған туған күні 28 шілдеде атап өтіледі. Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде бекітілген.
Тай еліндегі көптеген будда дін өкілі тордағы жануарлар мен құстарды бостандыққа жіберу елге жақсылық алып келеді деп санайды. Сонымен қатар, бұл елде тасбақа ұзақ жасаудың символы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу